«Денесін пышақпен тілгілеп, ұрып-соққан»: Ақтөбеде отбасын кепілдікке алған ер адам туралы дерек шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 қаңтар, 2025
- 1.1k

Ақтөбеде бір отбасыны кепілге алған ер адам бұған дейін де жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Halyqstan Telegram арнасына сілтеме жасап.
2024 жылы 1986 жылы туған азамат Б азаматша М-ны балағаттағаны үшін бес тәулікке қамауға алынған. Әйел Б-ны өзіне қатысты әдепсіз сөздер айтты деп айыптап, үстінен арыз жазған. Сот отырысында ол өзін Б есімді азаматтан қорғауды сұраған.
Күдікті осыған дейін отбасын кепілге алған 40 жастағы сүйіктісі М-мен бірнеше рет жанжалдасқаны белгілі болды.
Ер адам М-мен бірге тұрған. Сондықтан ол әйелдің ата-анасының үйіне оңай кірген. М ата-анасымен тұрмаған. Әйелдің ата-анасының үйіне қонаққа барғаны туралы айтылды.
“Күдікті Б үйге кіргеннен кейін әйелдің 74 жастағы өгей әкесіне және 67 жастағы анасына пышақ жарақатын салған. Күдікті пышақ емес, балта қолданған деген де ақпарат бар. Әйелдің ата-анасына жарақат салғаннан кейін ол сүйіктісін басқа бөлмеге қамап, денесін пышақпен тілгілеп, ұрып-соққан. Бұл кезде әйелдің 17 жастағы ұлы үйде болмаған. Жігіт үйіне келгенде, қан іздерін көріп, дереу туыстарын көмекке шақырған. Ал олар полицияға хабарласып үлгерді", – делінген ақпаратта.
Тәртіп сақшылары күдікті Б-мен үш сағат бойы келіссөз жүргізді, бірақ ол ешқандай талап қоймағандықтан және кепілге алынғандарды босатпағандықтан, үйге басып кіру туралы шешім қабылданған.