Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

-34 градус аяз күтілуде: 16 қаңтарға ауа райы болжамы жасалды

-34 градус аяз күтілуде: 16 қаңтарға ауа райы болжамы жасалды
antikor.com.ua
Ал еліміздің оңтүстігінде көктемнің ауасы болып тұр.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Оралда 16 қаңтарда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде -2-7 градус аяз, күндіз -3 суық, кей жерде +2 градусқа дейін жылиды.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда 16 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -4 градусқа дейін аяз, солтүстігінде +1 градус жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -7 градус аяз, күндіз +5 градус жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 0 градус.

Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -7-12 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында -15, күндіз -3-8 аяз. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кейде тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -2-7, облыстың солтүстігінде, шығысында -12-17 аяз, күндіз +3 градусқа дейін жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -2 градус аяз.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ түседі. Ауа температурасы түнде -3-8 градус, облыстың солтүстігінде -13 градус аяз, облыстың шығысында 0 градус, күндіз 0-5 градус аяз, облыстың шығысында +4 градус жылы.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде -8-13 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында -20 градусқа дейін суиды. Күндіз -5-10, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде -1 градус аяз.

Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Өскеменде 16 қаңтарда жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -17-22 градус, облыстың солтүстік-батысында -10, облыстың шығысында- 28-33 градусқа дейін аяз түседі, күндіз -5-10, облыстың шығысында -15 градус аяз, облыстың солтүстік-батысында 0 градус.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы -6-11 градус, облыстың таулы аудандарында -16-21 градус аяз, күндіз -2-7 градус, облыстың таулы аудандарында -3-8 градус аяз болады. Талдықорғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда  16 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -4 градус аяз. Солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -8-13 градус аяз, күндіз +5 градусқа дейін жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -3 градус аяз.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда 16 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Ауа температурасы түнде -8-13, облыстың солтүстігінде, шығысында -17 градус, күндіз -3-8, облыстың оңтүстігінде -11 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз облыс бойынша бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавл қ.: 16 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -9-14 градус, облыстың оңтүстігінде -18, күндіз -5-10, облыстың оңтүстігінде -13 градус аяз болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау қ.: 16 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында -8 градус аяз, күндіз -3 градус аяз.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде ауа температурасы -7-12 градус, күндіз -3-8 аяз. Павлодарда көшпелі бұлт жүреді, күндіз қар жауады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 16 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -8-13 градус, облыстың шығысында -16 градус, күндіз -5-10 градус аяз.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыс жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың солтүстік-шығысында -8 градус аяз, күндіз -3, облыстың солтүстігінде 0 градус. Ақтауда көшпелі бұлт, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар).

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар