Қоғам
Көршісі арыз жазған: Өскеменде көлікті 5 миніттан артық қыздырған азаматтарға айыппұл салынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 қаңтар, 2025
- 1.8k

Қозғалтқышы қосулы көлікті 5 минуттан артық тұраққа қойғаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге)
Өскеменде көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адамға айыппұл салынды. Полицияға көршісі үстінен арыз түсірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық полицияның мәліметінше, 102-ге бір азамат үш арыз түсірген.
«Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымы түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ заңның бұзылғаны турасында дәлелдер (фото, видео) болуы керек», — деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қазақстанда тұрғын аймақтарда қозғалтқышы қосылып тұрған көлікті қоюға тыйым салынған. Қозғалтқышы қосулы көлікті 5 минуттан артық тұраққа қойғаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Қоғам
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025