Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Балаларымның қауіпсіздігінен қорқамын»: Шерзат Болаттың әпкесі халықтан не себепті көмек сұрағанын түсіндірді

«Балаларымның қауіпсіздігінен қорқамын»: Шерзат Болаттың әпкесі халықтан не себепті көмек сұрағанын түсіндірді
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Айтуынша, он жылдан бері пәтерде тұрып келеді

Талғарда өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымова елден неліктен көмек жинап жатқанын түсіндірді. Айтуынша, бұл қадамға балаларының қауіпсіздігі үшін барған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Перизат Нұрымова Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Ашқанымыз да ақиқат. Осы таңға дейін үйсізбіз. Алты балам бар. Ортаңғы балам аурушаң. Қаржаубайға ешқандай қатысы жоқ. Қаржаубайға адвокаттардың көмегімен және меценаттардың қолдауымен үй алып беріледі. Олар қайда кететіні белгісіз. Мен осы қалада қаламын. Осы резонанстық жағдайда неше түрлі қорқытулар келді. Мен жұмыс бабымен кететінім бар. Осы уақытқа дейін ата-анамның қолында тұрдық. Сол кісілер балаларымды қарайтын. Қазір кімге тастап кетемін? Балаларымның қауіпсіздігінен қорқамын», - дейді Перизат Нұрымова.

Айтуынша, 2018 жылдан бері үйдің кезегіне тұрған. Алайда белгісіз себептермен ол жерден алынып тасталған.

«Бұл жылуды ашпай жатып, жолды қарастырдым. Жалдамалы пәтер іздеймін. Телефоннан келісім береді. Бірақ кім екенімді білген соң бас тартады. Оларға мен ешқандай уәжім жоқ. Ол кісілерді түсінемін. Қазір мен декретте отырмын. Ал Қазақстанда декреттегі адамға үй берілмейді. 10 жылға шамалас пәтер жалдап тұрамын. Балам аяқ асты ауырып, бір жылға дейін орнынан тұра алмай қалды. Мен үйден бас тартып, ақшаны баламның еміне құйдым», - дейді келіншек.

Шерзаттың әпкесі жылу ашу үшін «Асар-Уме» қорына барған. Қазіргі таңда үш күннің ішінде 3 миллионнан бастап қаржы жиналып қалған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар