Астанадан Қарағандыға барған 4 жолаушы такси ақысын төлемей, шопырды сабап кетті
- автор kyn.kz
- 18 қаңтар, 2025
- 765
Астанадан Қарағандыға барған төрт адам такси құнын төлемес үшін діттеген жеріне жеткен соң жүргізушісін соққыға жығып кеткен, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Жедел басқару орталығына қаладағы тұрғын аудандардың бірінде ер адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция экипаждары жетті.
39 жастағы жәбірленуші – елорда тұрғынының айтуынша, төрт ер адамды Қарағандыға жеткізген. Жол бойы жолаушылар өздерін сабырлы ұстаған.
Алайда діттеген жеріне жеткен олар ақша төлеудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап, ұрып-соғып жақын маңда жасырынуға тырысқан.
«Сипаттаманы басшылыққа алған патрульдік полиция қызметкерлері көп ұзамай қашқындарды қылмыс болған жердің жанынан тапты. Ер адамдар уақытты күтуге тырысып, моншаны паналаған. 34-37 жас аралығындағы күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу оларды осы қылмысты жасауға итермелеген себептерді анықтау керек», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қалың қар: әуежайда бірнеше рейс кешіктіріліп жатыр
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қаңтар, 2025