Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2 баланың анасы: Енем декреттік төлемімді алып, маған бермей, өзіне тәтті тамақ алып жейтін

2 баланың анасы: Енем декреттік төлемімді алып, маған бермей, өзіне тәтті тамақ алып жейтін
twam.ru
Келіншек: Күйеуім оқыған дәрігер, енем оны басқарып, үнемі мені ұрғызады.

Қазақстандық келіншек енесі мен күйеуінен көрген қорлықтарын айтып жұртты шошытты. Сөзінше күйеуімен енесі бірге отырып жақсы тамақтарды жесе, келінге ол тағамдарға тиісуге тыйым салады екен.

"Мен келін болып түскен күні енем коммуналдық төлем жасаймыз, ақша қос деген. Ол кезде  еңбек демалысында едім. "Жоқ" дедім. Кейін жұмысқа шықтым. Күйеуім айлық түсетін картамды алып алды. Үйге азық-түлік әкелмейді. Бірақ дәмді тамақ пісір дейтін. Заттарын сұрасам ұратын, өзің ұқсат деп. Баланы босануға бір апта қалғанда анасы "Туғанға дейін, туғаннан кейінгі төлемдерді маған бересің" деді. Әйтпесе ажырастырып жіберетінін айтып қорқытты. 

Аяғым ауыр кезде меннен алған ақшаға Биос, шұжық әкеліп тоңазытқышқа қойып қояды. Маған жеуге болмайды. Соны жегім келеді. Жұқалатып кесіп шұжықты жеймін деп ұрыс есіттім. Ол кісі "мен "К" деген жазудың үстінен кесіп жедім. "О" деген жерін кім кесті?" деп ұрыс шығаратын.  Биосты бір литрден төрт стақан шығуы керек деп есептейтін.

Күйеуім дәрігер, оқыған болды. Бірақ, анасының айтқанынан шықпайтын. Күйеуім үйге ақшасын санап тастап кететін. Кешке келіп тағы санап тексеретін. Бірде арасынан 200 қағаз теңге жоғалып, мені ұрғаны бар. Ақыр соңы ол үйде тұра алмай, екі баламды алып кетіп қалдым. Күйеуім екі баламы 20 мың алимент төлейді. Қазір енді анасы қайтыс болған. Сол тамақтары мен тірнектеп жинаған дүниенің бәрлығы күл болып қалды",-дейді әйел.

Келіншек бұл жайлы журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызына жазып, басынан өткенді баяндаған. Айғаным Болатқызы бұған дейін өзін танымал күйеуі ұрып-соққаны, қинағаны жайлы ел алдына шығып, ашық айтқан еді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар