Басты жаңалықтар
Астанада көршісінің терезесін кешке таман видеоға түсіріп алған әйел марапатқа ие болды
- автор kyn.kz
- 18 қаңтар, 2025
- 1.8k
Ол бүтін бір үйді жанып кетуден құтқарып қалған.
2025 жылдың 15 қаңтарында кешкі уақытта Астана тұрғыны Юлия Шимон ерекше қырағылық пен азаматтық жауапкершілік танытып, қайғылы жағдайдың алдын алған. Ол Керей-Жәнібек хандар көшесінде көрші тұрған пәтердің терезесінен лапылдап жатқан шамды көріп, 112 нөміріне қоңырау соққан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің терезесінің алдында шынымен шам жанып жатқанын көрген әрі тез арада отты сөндіріп, үлкен өрттің алдын алған.
Юлия Шимонның қырағылығын, жауапкершілігін және белсенді азаматтық ұстанымын ескере отырып қалалық ТЖМ басшысының тапсырмасы бойынша оған грамота табысталды.