Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бес минут көлікті қыздыруға жеткілікті»: Экология министрі айыппұлға қатысты пікір білдірді

«Бес минут көлікті қыздыруға жеткілікті»: Экология министрі айыппұлға қатысты пікір білдірді
Сурет: primeminister.kz
Жағармай үнемдеу тұрғысынан көп адамға қолайлы

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлікті бес минуттан артық қыздыруға салынатын айыппұлға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ол көлікті қыздыруға бес минут жеткілікті екенін айтып, бұл тәсілді қолдайтынын білдірді.

«Солтүстік аймақтар туралы айтатын болсақ, біз бәріміз, көлік жүргізіп жүргендер бес минуттың көлікті қыздыруға жеткілікті екенін білеміз, содан кейін қозғала бастауға болады. Бұл кез келген солтүстік аймаққа қатысты. Сондықтан жағармай үнемдеу тұрғысынан көп адамға қолайлы. Ал экология тұрғысынан біз бұл тәсілді толықтай қолдаймыз», деді Ерлан Нысанбаев. 

Министрдің бес минут туралы пікіріне журналист астаналықтардың көбісі бұған келіспейтінін айтты.

«Бүгін мен көлігімді түнде далада қалдырамын — таңертең қарап, өз тәжірибемді өткіземін де, нәтижесін сіздерге айтамын», деп уәде берді министр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар