«Семей орманындағы өрт»: кінәлі лауазымды тұлғалар сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қаңтар, 2025
- 304
«Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық істің аяқталғаны туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Семей орманындағы» өртті сөндіруді қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
«Резерваттың бас директоры міндетін атқарушы мен Новошульбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады бас прокуратура.
Семей қаласының №2 соты 2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімі бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырды.
Өткен жылы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК бас директоры міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарды. Оны 2 жылға соттады.
Сонымен қатар экология және табиғи ресурстар министрлігінің, төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетсек, 2023 жылы маусым айында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртенген еді. Өрт салдарынан 60 мың гектар орман қоры жойылған. «Семей-Орманы» резерваты Новошульбинск филиалының 15 қызметкері қаза болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда спортшы қызды зорлаған басты күдікті өмір бойына қамалды
- авторkyn.kz
- 31 қаңтар, 2025