«Балапаным қош бол, сенің дертіңе шипа таппадық»: Тоқтар Серіков қайғылы жағдаймен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қаңтар, 2025
- 50.4k
Танымал әнші Тоқтар Серіков қайғылы қаза болғанын айтып, желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші марқұммен қимастықпен қоштасты.
«Иә Раббым сен ұлы жаратушысың. Сен жараттың бізді,және біз саған қайтушылармыз. Менің аяулы анаммен, өзінің сүйікті шөбересі Мырзәлі. Әжесі қайтқан жаққа шөбересі де қайтты. Қандай ауыр десеңші осылай деп жазу. Алтыным ағатайлап құшақтап баурап алатын жан бауырым еді. Жастайыңнан жабысқан дертіңе бір мемлекеттің дәрмені жетпеу, арашалап алып қалмау өкініш болып тұр ботақаным. Сен секілді көзі мөлтілдеген балапандар, біз секілді шырылдаған ата аналар әлі жетеді. Қайырымы жоқ қоғам, безбүйрек басшылар бұл дүниені қайдан түсінсін. Балапаным қош бол, сенің дертіңе шипа таппадық. Қорғап қала алмадық кешір бізді. Сен осындай болашағына бейқам қарайтын қоғамда туылдың. Раббың қабыл алып әжеңе жеткен шығарсың құлыным. Әжеңе бәрін айт, әжеңмен қорқытушы едің ғой айт әжеңе қомағай қоғамның қолтырауындары әлі тойған жоқ де. Алтыным балапаным мәңгілік мекенің Жәннәт болсын», — деді Тоқтар Серіков.