Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Оқырмандарынан ақша жинаған»: танымал блогер өз қызын үш ай бойы әдейі улап келген

«Оқырмандарынан ақша жинаған»: танымал блогер өз қызын үш ай бойы әдейі улап келген
Сурет: ABC.net
Блогер оқырмандарынан 40 мың доллар шамасында ақша жинап үлгерген

Аустралиялық блогер Аллана Харрис қызы Дейзиді есірткі тектес дәрілермен улаған. Ол осылайша қызын ауру етіп көрсеткен және оқырмандарынан ақша жинаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  ABC.net сайтына сілтеме жасап.

Харрис1,5 жасар қызына үш ай улы дәрі берген. Оның емделмейтін диагнозбен күресіп жатқанын көрсетіп, 40 мың доллардан астам (шамамен 21 миллион теңге) жинап үлгерген.

Бірақ көп ұзамай Харрис адам өлтіруге оқталу, дене жарақатын келтіру, балаларды қанау және алаяқтық сияқты айыптармен қамауға алынды.

Күйеуі Брок Аллана қараша айының соңында Харристің баланы қолдан ауру етіп жатқанын мәлімдеген. Ол қызын расымен науқас деп ойлағанын алға тартты. Алайда ер адам да қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілініп, балалары отбасынан алынды.

Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсарған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар