«Жездем арқамды сипалап, іш киімімді тартты»: Құлпынай Қанат блогер күйеуінің тағы да былығын ашты
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қаңтар, 2025
- 17.8k
Құлпынай Қанат бес жыл отасқан жарының қылықтарынан күдіктеніп, оны «педофил» деп айыптаған болатын. Айтуынша, күйеуі 10-11 жасар қыздарға неше түрлі сөздер жазып, суретке түскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы блогер Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтып берді. Сөзінше, туысқан сіңлісі жездесінің өзіне тиісіп, іш киімін тартқанын айтқан.
“Қоғамда резонанс тудырған отбасындағы мәселені айтқым келген жоқ. Бірақ екі қыздың тағдырына алаңдадым. Олар ертең ойнап жүріп, от басып қалса, өмір бойы өзімді кінәлап өтемін деп ойладым. Алдымен, педофил деген сөздің мағынасын интернеттен оқып алдым. Сөйтсем, менің басымнан өтіп жатқан жағдаймен қатты ұқсас. Қолғанат балалармен контент түсіріп бастағанда оны сақтандырғанбыз. “Жаман нәрсеге ұрынып қаларсың. Жұмысыңда камера да жоқ” деп айттық. Бірақ ол қоймады. Арты осындай ұят тірлікке соқтырды. Онсызда қоғамда қаншама әділетсіздіктер болып, арты ақшасы көп адамдардың пайдасына шешіліп жатыр», - дейді Құлпынай.
Келіншек алғашында күйеуінің ерсі қылықтарына сенгісі келмеген. Алайда жан-жақтан жас қыздар жазып, ол туралы өз оқиғаларын айтып берген.
“Қолғанаттың кәмелет жасқа толмаған балаларға тиісетінін білгеннен кейін, маған неше түрлі хат келді. Осыдан бір жарым жыл бұрын бір туысқан сіңлім “Құлпынай әпке, жездем арқамды сипалап, іш киімімді тартты” деді. Менің ойымда ештеңе болған жоқ. Оған мән де берген жоқпын. Одан кейін екі қыздың құрбысы болған қыздар да жаза бастады. Маған үйленбей тұрып, 15-16 жастағы қыздарға жазып, кездесуге шақырған. Тіпті, тиіскеніне дейін айтып берді. Ол қыздар жасырып қалған”, – деді ол.