Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жылағанына ашуланып, сабаған”: Шымкентте әйел алты жасар жиенін аяусыз өлтірді

“Жылағанына ашуланып, сабаған”: Шымкентте әйел алты жасар жиенін аяусыз өлтірді
Сурет: ашық дереккөздерден
Сот оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Шымкентте алты жасар жиенін өлтіргені үшін айыпталған әйел 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың мәліметінше, ол қызды ваннадағы суға батырып өлтірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі azattyq-ruhy сайтына сілтеме жасап.

«Тергеу материалдары бойынша, 2023 жылдың маусым айында айыпталушы Қ. жалға алынған пәтерде болған. Ол жиені, 2018 жылы туған Е. есімді қыз баланың оянып, жылағанына ашуланып, оның қолы мен аяғын байлап, сабаған. Содан кейін баланың есінен танғанын көріп, ваннаны толтырып, оны суға батырып жіберген. Осылайша, ол қасақана кісі өлтірді деп танылды», — деп жазылған сот хабарламасында.

Сотта Қ-ның кінәсі дәлелденді. Прокурор айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлімі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Жәбірленуші тараптың заңды өкілі кешірім беріп, Қ-ға қатаң жаза тағайындамауды өтінгенімен, айыпталушы өз кінәсін мойындамады және жеңіл жаза беруді сұрады», — делінген хабарламада.

Сот Қ-ны кінәлі деп тауып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Аталған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар