Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Адамыңыз ұнамаса бірден кеткеніңіз жөн»: Балжан Бидаш қыздарға кеңес берді

«Адамыңыз ұнамаса бірден кеткеніңіз жөн»: Балжан Бидаш қыздарға кеңес берді
Сурет: ашық дереккөздерден
Ішіңізден нені қалап тұрсыз, нені айтқыңыз келіп тұр соны бірден шығарып тастаңыз

Танымал әнші Балжан Бидаш көпшілікпен ажырасқаннан кейінгі тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, әзілкеш Жахан Отарғалиевтен ажырасқаннан кейін күйзеліске түскен.

“Әр нәрсенің қайыры бар демекші, жаңалықтан кейін маған қолдау білдірген жан көп болды. Қазіргі өмірім өзіме ұнайды. Ажырасқаннан кейінгі тәжірибені бөлісейін. Қыздар, егер адамыңыз сізге ұнамаса бірден кеткеніңіз жөн. Ішіңізден нені қалап тұрсыз, нені айтқыңыз келіп тұр соны бірден шығарып тастаңыз. Не нәрсе ұнамайды бірден ашық айтып тастаңыз. Егер ішіңізге жинай берсеңіз менің бетім сияқты сыртқа шығатын болады. Тіпті, ауру болып та сыртқа шығатын жағдайларды көріп жүрміз. Мен осы кезеңнен өттім. Бір жыл бұрын бетімнен адам шошитын еді. Өйткені мен конфликтіден қаштым. Ұрыс кезінде жарайды деп көне салдым немесе үндемей іштен тындым. Түбінде өзім зардап шектім”, – деді Балжан. 

Ол өз мінезін дұрыстағанын, ойын ашық жеткізе алуды үйренгенін айтты.

“Бұл түсінік маған саналы түрде енді ғана келіп жатыр. Күйген дүние күйіп, көкірегі тесіліп кетсе де ойыңды ашық жеткізуді үйрендім. Есесіне бәрі шынайы болады. Үнемі тыныштықты қалаған қашқын мінезімнен өзім азап тарттым”, – деп жазды әнші.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар