"Үлкен қызын ұсынды дегені өтірік!":Асхат Садырбайдың бұрынғы енесі бар шындықты айтып берді
- автор kyn.kz
- 28 қаңтар, 2025
- 8.0k
Бұрынғы күйеуімнен зәбір көрдім деген Айғаным Болаттың анасы шулы мәселеге қатысты желіде өз пікірін жазды. Сөзінше Асхат Садырбай Руслан Өтепбайға берген сұхбатта шімірікпей жалған жауап берген.
“Мен Айғанымның анасымын. Асхаттың сұхбатын көрдім. Оның бір сөзі де шындыққа келмейді. Біз екеуінің қосылуына қарсы болғанымыз рас. Асхаттың өткен өміріне байланысты еді.
Ата-анаңның алдынан өтейін деп келгенде бірінші рет сол кезде көрдік. Сол кезде “Үлкен қызды ал” деп қай ата-ана айтады.
Қыз ауыстырып қоятын зат емес қой. Бұл Асхаттың қитұрқы әрекеті. Халықтың миымен ойнап отыр. Оның әрекеті адамды ашуландыруға апарады.
Асхаттың қаны да, жаны да осылай жаратылған. Ол біз үшін бала. Онымен айтысып, тартыспаймыз. Тіпті сондай жағдай болса да, бәлеге қаласың.
Ол өз сөзіңді өзіңе қарсы қолданады. Асхат иман жолында жүрген бала емес пе?! Сұхбатта соның бәрін жиыстырып қойған. Қызымның көзінен ұрмадым дейді.
Сонда кім ұрды?! Анаң ба?! Ендеше ұрған адамды сотқа бермедің бе?! Екі күн қызды ұстап, сотталып кетемін деп қорқып отырдың. Осындай жасқа келіп, өтірік өмір сүріп жүрсің”, – деп жазды Айғанымның анасы.