Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Удай мас қой»: Құранның сүресінен рэп оқыған блогер сынның астында қалды (ВИДЕО)

«Удай мас қой»: Құранның сүресінен рэп оқыған блогер сынның астында қалды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Блогердің бұл әрекетін көпшілік сынап, түрлі пікірлер жаза бастады

Әлеуметтік желіде «Жузефина» лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаеваның Құран аяттарынан рэп оқыған видеосы тарады. Ол көпшіліктің сынына қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бірталай блогерлер жиналған кеште неше түрлі ойын ойнатылған. Бастапқыда белгілі блогер Айшолпан рэп оқиды. Оның қолындағы микрофонға таласқан Жұлдыз өзінің де өнерін көрсетпек болған.

Ол Құранның «Мәғун» сүресін рэпше оқиды.

Дегенмен блогердің бұл әрекетін көпшілік сынап, түрлі пікірлер жаза бастады.

«Мына қызды құдай ұрады ғой», «мыналар қандай ана болады екен», «Масқара не деген сұмдық», «Удай мас қой. Құран күлкі қылатын дүние емес қой. Мазақ болған осыларға ұнай ма? Сүре айтқаны қате болды» деп жазды олар.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар