Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Күн көріс қамы қиындай түсті»: Жұлдыз Әбдікәрімова ақшадан қиналып қалғанын айтты

«Күн көріс қамы қиындай түсті»: Жұлдыз Әбдікәрімова ақшадан қиналып қалғанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Түсірілімдер мен жобаларым толық тоқтады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сот ісіне байланысты басына түскен қиындықтарды айтты. Сондай-ақ, соңғы кезде ақшадан таршылық көріп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, соңғы төрт жылда пәтерден пәтерге көшу қажытып жіберген. Бұл жағдай отбасына да ауыр тиген.

«Сот процессі әбден есеңгіретіп жіберді. 2024 жыл басымнан талай сынақ өтті. Білдіртпеуге, жылап-сықтамауға тырыстым. ҚР азаматшасы ретінде заңға, әділдікке көзсіз сендім. Сол сеніммен барлық инстанциядан рет-ретімен өттіп келемін. Бұл жағдай отбасыма ауыр тиді. Балаларымның берекесі қашты. Соңғы төрт жылда пәтерден пәтерге көшу қажытып жіберді. Алданатынымды кім білген?! 2022 жылдың жазында үйлі боламын деп жүріп, алаяқтыққа тап болдым. Былтыр көп жайттар анықтала бастады. Шикілікті сезген сәттен құзырлы органдардан араша сұрадым. Үйімді қайтаруды мақсат етіп, сотқа жүгіндім. Осы тұстан бастап түрлі қиындықтар шырмауықтай шырмады», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сот ісі денсаулығына да әсер етіп, ауруханадан бірақ шыққан. Соңғы уақытта күн көрісі қиындай бастағанын жазады.

«Мемлекеттік құқық қорғау органдары арызымды қарап, іс сотқа жеткенше, Дилярамен сан рет кездестік. Кездесу барысында ұяты оянып, үйімді қайтарып береді деп үміттендім. Бірақ олай болмады. Қайта жолдасы екеуі сотта жеңіліс табатынымды ескертіп, қысым көрсетті.

Осындай кездесулердің бірінен кейін денсаулығым сыр беріп, түн ортасында ауруханадан бір-ақ шықтым. Дәрігерлер жатып ем алуым керектігін айтты. Үйдегі балаларымды қараусыз тастай алмаймын деп, бір апта күндізгі стационарда емделдім. Жағдайым түзелмеді. Жүріп-тұруымның өзі қиындай түсті. Болмаған соң, Алматыдан әпкемді шақыртып, ауруханаға жаттым. Түсірілімдер мен жобаларым толық тоқтады. Жұмыс жүрмеген соң, қаражат жағы, күн көріс қамы қиындай түсті. Сөйтсем, бұл қиындықтың басы ғана екен… Дәл қазір осының бәрін есіме түсіріп, жазып отырғанымның өзі өте ауыр. Әрі қарай келесі жолы жазайын…»», - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар