Мәдениет
“Қосылмаса, қосылмай-ақ қойсын”: Нұрсұлтан Жақсыген экс-әйелімен қарым-қатынасына нүкте қойды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 қаңтар, 2025
- 46
Мен қазір барып, аяғына жығылмаймын
Актер Нұрсұлтан Жақсыген отбасындағы соңғы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол экс-әйелінің алдына кешірім сұрап барғанын, бірақ оның қабылдамағанын айтты.
“Менің тарапымнан қадам жасалды. Ер-азаматтық міндетімді орындадым деп айта аламын. Алдына барып, кешірім сұрап, ағаттық жасағанымды мойындадым. Отбасымды сақтау үшін қаншама рет тырысып, қолымнан келгенін жасадым. Фариза өзі таңдау жасады. Қосылғысы келмеді. Барынша айырылғым келмеді. Бірақ шешім қабылдау әркімнің өз еркінде. Оны қинап ұстап тұра алмаймын. Сіздерге айтарым, көп мүмкіндік болса, бірін жіберіп алмаңыздар! Мен қазір барып, аяғына жығылмаймын. Қосылмаса, қосылмай-ақ қойсын. Мен де әрі қарай өмірімді сүремін”, – деді актер.