5 жасар қыздан жын шығарған: Атырауда мешіттің күзетшісі болған имам айыппұл төлеуі мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:30
- 32
Атырау қаласындағы орталық мешіттің күзетшісі болған Кейқуат Оспанов бес жасар қыздан жын шығарғаны үшін айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде атыраулық емші Кейқуат Оспановтың бес жасар қыздан жын шығару ғұрпын орындап жатқан бейнебаян таралды.
Видеода қыздың жылап, емшінің сұрақтарына жауап бергені көрінеді, ол қыздың денесіне 19 жастағы Ләззат есімді бойжеткеннің жаны кіргенін және оның мыңдаған жылдар бойы өмір сүргенін айтады. Баланың қолы байланған, ал «сеанс» дұғалармен және сұрақтармен қосарлана өтіп жатыр.
Оқиғаға қатысты бас прокуратура реакция білдірді. Олар қылмыстық іс қозғалмайтынын айтты, өйткені баланың ата-анасынан шағым түспеген. Алайда емшіге айыппұл салынуы мүмкін. Тексеру әлі де жалғасып жатыр.