“Туылғаннан кейін естімейді деді”: Кенжебек Жанәбілов ұлы туралы айтып, жан сырын ақтарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:44
- 58
Әнші Кенжебек Жанәбілов ұлының жағдайы туралы сөз етті. Айтуынша, ол жүрегінен ерекше орын алған, өміріне өзгеріс әкелген бала, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесіне дәрігерлер баланың туылғаннан кейін құлағы естімейтінін айтқан.
"Ол мен үшін жүрегімнен ерекше орын алатын бала. Ол шынымен де өміріме көп өзгеріс алып келді. Өйткені ол өмірге келген кезде Алла басымызға сынақтар берді. Туылғаннан кейін естімейді деді. Бірден ондай сөз естіген кезде көңіліміз болмай, Алла сынақты сүйген құлына береді ғой деп өзімізді өзіміз имандылықпен тоқтаттық", - дейді Кенжебек Жанәбілов.
Баласын емдету үшін Қытай, Германия елдеріне барған.
"Қытайға бардық, Германияға бардық. Осы балам папа мама деп айтса той жасаймын дедім. Ислам жағынан көп нәрсеге бет бұрдық. Қазір мұндай баланың саны көп. Отбасыларға мұндай жағдай бермей-ақ қойсын", - дейді Кенжебек Жанәбілов.