Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талдықорғанда 14 жастағы қызын ұрып, зорлап өлтірген ерлі-зайыптыға сот үкім шығарды

Талдықорғанда 14 жастағы қызын ұрып, зорлап өлтірген ерлі-зайыптыға сот үкім шығарды
Фото: instagram/taldykorgan_today
Каринаны өлтірген ата-анасы жота арасына апарып өздері көміп тастаған.

Талдықорғанда өз қызын өлтірген әйел мен оның күйеуі сотталды. 14 жастағы қызын ұрып өлтіргені дәлелденді. Өгей әке — өмір бойына, ал шешесі 19 жылға сотталды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Жасөспірім Карина Дорохина 2023 жылдың күзінде жоғалып кеткен еді. Полицейлер қаршадай қыздың мәйітін бір жыл бұрын Текелідегі жота маңынан тапқан. Оның денесіндегі көгерген іздерді мамандар бірден байқапты. Тергеу кезінде марқұм Каринаның өгей әкесі отбасылық жанжалдан кейін оны аяусыз тепкілеп, артынша жансыз денесін көлікке салып әкеткені анықталды. Көп ұзамай, ерлі-зайыпты жасөспірімді өлтіргенін мойындаған. Айта кетейік, ерлі-зайыптылардың Каринадан бөлек ортақ үш баласы бар.

"Сот үкімімен өгей әке барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына моральдық өтемақысы ретінде 15 миллион теңге өндіріп алды. Қайтыс болған қыздың анасы барлық бап бойынша кінәлі деп танылып 19 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК 46-бабына сәйкес, әйелге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ",-деді Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі басшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.
 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар