Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді: бірінші кімдер тексеріледі?

Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді: бірінші кімдер тексеріледі?
Сурет: centralmedia24.kz
Үкімет әлеуметтік төлемнің жаңа жүйесін сынақтан өткізбек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2027 жылдан бастап енгізілетін тәртіп алдымен қандай отбасыларға қолданылатынын айтты Алдымен табысы жоғары азаматтарға, содан кейін ауқатты қазақстандықтарға сыналады., деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Пилоттық жоба 2027 жылғы 1 қаңтарда іске қосылады. Министрлік қараша айында жаңа тәртіптің қалай жұмыс істейтінін нақтылап, дайындықты аяқтауды жоспарлап отыр. Ал желтоқсанда Отбасының цифрлық картасы банктердің ақпараттық жүйелерімен байланыстырылады.

"Қаңтар мен ақпанда сынақ табысы жоғары азаматтар арасында, ал ақпаннан сәуірге дейін ауқатты азаматтар арасында жүргізіледі", - деді министр.

Отбасының әлеуметтік әл-ауқатын бағалау әдістемесі азаматтардың нақты жағдайын ескере отырып жетілдірілді.

"Отбасының жағдайын бағалағанда оның табысы ғана емес, ипотекасы мен басқа да несиелері, көлігі, ауыл шаруашылығы техникасы және күнделікті шығындары ескеріледі. Сондай-ақ отбасында жалғыз адам табыс тауып отырса немесе бір ғана баспанасы болса, бұл да назарға алынады. Яғни пәтері немесе көлігі бар азаматтар бірден ауқатты деп танылмайды.", – деп түсіндірді Асқарбек Ертаев.

Бұл мәліметтер Отбасының цифрлық картасы арқылы анықталмақ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар