Мәдениет
“Уәде бергем”: Қыран Талапбек әйелінің туған күніне қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 ақпан, 2025
- 350

Кездесіп жүргенде әйеліне көлік әперетінін айтқан
Белгілі мобилограф Қыран Талапбек әйелінің туған күніне құны 100 млн теңгеден асатын Mercedes-Benz G-класс көлігін сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұны видеограф өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол сүйіктісіне көлік сыйлап, қуантқан.
“Туған күнің құтты болсын, махаббатым. Бір кездері, кездесіп жүрген уақытта оған "гелик" сыйлауға уәде бергем. Айттым, орындадым", - деп жазып қойған Қыран.
Желі қолданушылары екі жасқа өз тілектерін жаудырды.
"Бізге де жұғысты болсын", "Құтты болсын! Берекелі, мерекелі көлік болсын", "Керемет", - деп жазып жатыр желідегі оқырмандары.