“Жамандыққа қимаймын”: Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірімге тиісті деп айыпталған Алмас Кішкенбаевқа қатысты жазба жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:04
- 1.1k
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 11 сынып оқуқысына тиісті деп айыпталған әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Алмас туралы… Шыққан жерін білетіндіктен, анасын, алған тәрбиесін көргендіктен өз басым жамандыққа қимаймын. Рас болса қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады. Өтірік, жала жабылған болса 17 жасар бала, әке-шешесімен бірге кешірім сұрап, істі жаба сала ма? Айрандай төгілген Алмастың абыройы ше", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетсек, жұмаға қараған түні кәмелетке толмаған курьердің әкесі 39 жастағы ер адам азаматтың үстінен полицияға шағымданған. Нәтижесінде Алмас Кішкенбаевтың әрекеті ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзды деп танылды. Жеке тұлғаларды қорлау және басқа да осындай әрекеттер үшін Кішкенбаевқа 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Сот отырысы 3 ақпанға белгіленді.