"Баламды пышақтады":Жалғызбасты ана көршісінен қорлық көріп отырғанын айтты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 07:56
- 547
“Балам тек бір жерден пышақталдым деп ойлаған. Дене қызуымен тағы 2 жерінің ауырғанын сезбеген”,- дейді Маржан "Біздің назарда" бағдарламасына берген сұхбатында.
Баласының сөзінше көршісі ішімдік ішіп алып бірінші болып тиіскен.
“Баламды не үшін пышақтағанын білу үшін барып сұрағанымда олар баламның ерегесіп қалғанын, соның салдары осындай болғанын айтты. Іштегі азу-ызаны білдірмей, барынша сабыр сақтап, тек 3-4 сұрақ қойдым да шығып кеттім”,- дейді ол.
Бұл іс Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында қаралып, қылмыскерді 6 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Алайда, іс ушығып, көршілері Маржанға ұрды-соқты, денемді көгертті деп қылмыстық іс ашқан.
“Маған қылмыстық іш аты. 40 сағаттық заң күшіне енді. 19 мың теңге штраф салды. Жоғарғы конституциялық сотқа шағымдандым. Себебі, Сарыарқа аудандық соты менің сөзіме де қызымның сөзіне де құлақ аспады, мән бермеді”,- дейді Маржан Мұсырманқұлова.
Жалғызбасты ана ұлының мінезі де өзгергенін айтады. Бұрынғыша күліп-ойнап жүретін ұлы қазір ойын да сөзін де еркін жеткізе алмайтын болған.
"Қар, көктайғақ": 3 ақпанға ауа райы
Ұқсас жаңалықтар
“Тазы мен төбет” күні”: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 2 ақпан, 2025