Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда алдыңғы орынға шықты

Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда алдыңғы орынға шықты
Сурет: ашық дереккөздерден
Димаш үшін музыка – жай ғана көңіл көтеру құралы емес, бұл әлемдік сахнада Қазақстанның бай мәдениетін көрсетуге арналған платформа

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Smoke" әні америкалық "Amazon" және "iTunes" чарттарында алдыңғы орында тұр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әншінің жеке сайтынының хабарлауынша, 2025 жылғы қаңтар айында шетелдік басылымдарда қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген туралы бірнеше мақала жарияланды. Аргентина, Англия және Американың бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше талантты, қарапайым өмірлік ұстанымдары бар, мәдени тұлғалық қасиеттері үйлескен, әлемнің әртүрлі елдерінде жанкүйерлерінің сүйікті әншісіне айналған қазақстандық өнерпаз туралы бірнеше мақала жазды.

Америкалық "Haute Living" басылымының жаңа мақаласында:

"Димаш Құдайберген бүкіл әлем бойынша көрермендерді неоклассика, поп-музыка, қазақ фольклоры мен заманауи музыканың бірегей бірігуімен баурап алып, Азияның ең танымал әртістерінің біріне айналып жатыр. Димаштың өнердегі еркіндігі оған қайталанбас және мәңгі есте қаларлық дыбыстық ландшафт жасау үшін дәстүрлі қазақ әуендерін әлемдік музыкамен араластыра отырып, әртүрлі музыкалық стильдерді еркін зерттеп, жаңа өнер жауһарын ойлап табуға мүмкіндік беруде. Димаш үшін музыка – жай ғана көңіл көтеру құралы емес, бұл әлемдік сахнада Қазақстанның бай мәдениетін көрсетуге арналған платформа" деп жазылған.

Бұқаралық ақпарат құралдары әншінің кейінгі туындыларының ішінен 2024 жылғы 26 сәуірде шыққан "Smoke" композициясын тілге тиек еткен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар