Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Биыл Қазақстанда 1223 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр

Биыл Қазақстанда 1223 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр
Сурет: malim.kz
Су тасқыны қаупін азайтып, елді мекендерді табиғи апаттан қорғауға шаралар ұйымдастырылуда

Биыл Қазақстандағы 1223 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрлік жергілікті билік өкілдерімен және мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп, инфрақұрылымды тасқын суға дайындау шараларын жүргізуде.

“Қазіргі таңда республика бойынша 1223 елді мекенді су басу қаупі бар. Министрлік үйлестіруші орган ретінде жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, инфрақұрылымды тасқынға дайындау жұмыстарын атқаруда”, – деді министр.

Оның айтуынша, республикалық және өңірлік бағдарламалар аясында келесі алдын алу шаралары жүзеге асырылып жатыр:

576 шақырым қорғаныс бөгеттері мен дамбалар салынып, нығайтылуда;

— 164 шақырым дренаж жүйесі жаңартылып, жөндеуден өткізілуде;

— жолдардың астына 960 су өткізу құрылғысы орнатылып, ауыстырылуда;

— 658 шақырым каналдар мен арықтар тазартылуда;

— 74 өзенде 300 шақырымға жуық арнаны тереңдету және жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде;

— қалалар мен ауылдарда нөсер және дренаж жүйелері салынып, жөнделіп жасалуда;

“Бұл шаралар су тасқыны қаупін азайтып, елді мекендерді табиғи апаттан қорғауға көмектеседі”, – деді Әрінов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар