Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды”: ауыз бекітерде қандай амалдарды есте сақтаған жөн

“Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды”: ауыз бекітерде қандай амалдарды есте сақтаған жөн
Ғаламтордан алынған
Рамазан айы мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрибиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы. Ауыз бекіткен мұсылман қандай амалдардан аулақ болу керек? Оразаны бұзатын және бұзбайтын амалдар бар.

Оразаны не бұзбайды? 

1. Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;

2. Ұйқыдан жүніп болып ояну;

3. Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;

4. Әйеліне қолын тигізбесе де оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;

5. Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;

6. Аузына келген қақырықты жұту;

7. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;

8. Құлаққа су кіру, бұлық ағу;

9. Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;

10. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды;

11. Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;

12. Қан алдыру немесе сүлік салдыру;

13. Көзге дәрі тамызу;

14. Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;

15. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт;

16. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;

17. Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.

 

Оразаны не бұзады? 

 

- Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;

- Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;

- Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».

- Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);

- Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады;

- Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. (Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады). 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар