"Төрт әйелі бар бас имамның үйі": Астанадағы зәулім сарай кімдікі екені айтылды (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 4 ақпан, 2025
- 10.2k

Желіде Астананың бас имамына тиесілі деген үйдің видеосы тараған еді. Видео авторы тура мешіт сияқты бірнеше күмбезі бар зәулім сарайды "Астананың бас имамына тиесілі. Үш әйелі бар ол кісінің. Ал енді садақа беріңіздер мешітке барып" деп сынаған болатын.
ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы бұл үй кімге тиесілі екенін жариялады. Видеода Астана тұрғыны Нұрлан Лесбек есімді азамат қызу талқыға түскен үй өзінікі екенін айтады.
"Мен - Нұрлан Лесбекұлы. Соңғы кезде әлеуметтік желіде осы үй бас имамның үйі деп көрсетілген екен. Ол - жалған ақпарат. Бұл үй - менің үйім. Осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын, өзім соғып, өзім кіргенмін", - дейді видеодағы ер адам.
Бұған дейін тараған видеода ер адам мынандай мағлұмат келтірген еді:
Мен мынаны басында мешіт екен деп қалыппын. Сөйтсем, мынау Астананың бас имамының үйі екен, мешіт сияқты, дәәәу ғой, сұмдық. Ал енді садақа беріңдер. Әр жұма сайын салған садақаларың, міне, қайда кетіп жатыр? (...) Не деген сарай мынау! Төрт әйелі бар дейді тағы. Жаңа осы үйдің аспазын алып келдім. Аспазы бар тағы. Сендердің садақаларыңмен жалақысын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды. Ар жақтағы аумағын көрсең, 1 гектар жерді қоршап алған ғой, - деді видеоны түсірген ер адам.