Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтаудағы ұшақ апаты: көлік министрі алдын ала есеп қашан жарияланатынын айтты

Ақтаудағы ұшақ апаты: көлік министрі алдын ала есеп қашан жарияланатынын айтты
Сурет: gercekgundem.com
Мамандарға жұмысты аяқтау үшін уақыт керек

Үкімет үйінде өткен брифингте көлік министрі Ақтау маңында AZAL бортының апатқа ұшырауына қатысты тергеудің алдын ала қорытындысы қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың бұл іс соңғы кезеңде екенін айтты.

"Біз бұған дейін Әзербайжан Республикасынан, Ресей Федерациясынан, өндіруші ел ретінде Бразилиядан, ИКАО-дан халықаралық мамандар тартылғанын айттық. Олардың барлығы бірігіп жұмыс істеп жатыр, бұл іс (ред. ескертпесі – тергеу) соңғы кезеңде. Алдын ала есеп алдағы күндері біздің сайтта ресми түрде жарияланады деп күтіп отырмыз", - деді ол.

Алайда министр қорытында қашан жарияланатынын нақтыламады.

"Мамандарға жұмысты аяқтау үшін уақыт керек. Бұл көп еңбекті талап ететін жұмыс. Қазір қорытынды жарияланбай тұрып, қосымша түсінік бере алмаймыз. Бірақ таяу күндері шығады деп уәде беремін. Мен оны шолып шықтым. Комиссия менің басшылығыммен жұмыс істеп жатыр", - деді Қарабаев.

Айта кетсек, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған. Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар