Мәдениет
«Ақша өндіру үшін»: Алмас Кішкенбаевқа қатысты тың деректер пайда болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 ақпан, 2025
- 762
Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Белгілі әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, әнші түнде курьерге сыра алдыртып, оған тиісті деп айыпталған болатын.
Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алмас Кішкенбаевқа алғаш болып өнердегі әріптесі Сиви Махмуди қолдау білдірген болатын.
Желіде бұл оқиғаға қатысты әр түрлі пікірлер шықты. Тыңдарманның көпшілігі Кішкенбаевқа қолдау көрсетуде. Олар тапсырысты жеткізушінің әкесі кінәлі деген жорамал айтқан. Яғни, әкесі мен баласы ақша өндіріп алу үшін, әдейі жала жабуы мүмкін деген пікір де қалдырған.