«Тик токқа салу үшін»: Астананың бас имамы зәулім үйде тұрады деген ер адам кешірім сұрады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 ақпан, 2025
- 576

«Астананың бас имамының үйі» деп желіде сарайды көрсеткен белгісіз ер адам кешірім сұрады. Бұл туралы видеоны ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол өзінің жаман ойы болмағанын айтып ақталды. Сондай-ақ, Астананың бас имамынан кешірім сұрады.
«Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Ол видеоны мен бір арам оймен, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, тик токқа салу үшін түсірген едім. Сол үшін бүкіл Қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан кешірім сұраймын. Сол түсірген үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де әкемін. Үш баланың әкесімін. Жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырлардан кешірім сұраймын. Сондай бір жаман ой болған жоқ. Шу болып кетеді деп ойламадым. Арам ой менде болған жоқ», – дейді ол адам.
Белгісіз ер адамның зәулім үйді көрсетіп, ол жерде Астана қаласының бас имамы тұратынын айтқан видеосы қызу талқыланды. Расталмаған ақпарат әлеуметтік желіде көп әңгімеге арқау болды.
«Мынаны мен басында мешіт екен деп қалдым. Сөйтсем бұл Астананың бас имамының үйі екен. Мешіт сияқты дәу ғой сұмдық. Ал енді садақа жіберіңдер. Жұма сайын салған садақаларың міне қайда кетіп жатыр. Сұмдық қой мынау. Не деген сарай мынау. Төрт әйелі бар екен. Поворын алып келдім. Сендердің садақаларыңмен жалақасын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды? Аумағын көрсең бір га жерді қоршап алған ғой», – дейді видеоны түсірген адам.