Ақтауда 5 адам зорлап өлтірген қыздың атындағы несиені кім төлейтіні айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 ақпан, 2025
- 1.2k
Ақтауда қаза тапқан Алина Серікованың ағасы зорлықшылар күштеп алдырған несиені кім төлейтінін айтты, деп хабарлайды
Алина Серікова бес ер адам өзін бірнеше сағат бойы азаптағаннан кейін өзіне қол жұмсап, қаза тапты. Марқұмның ағасы Бауыржан Жолжан оның атынан 2 миллион теңгеге сауда несиесі рәсімделгенін мәлімдеді.
"Олар оны тек осыдан кейін ғана жіберетінін айтқан, оның басқа амалы қалмаған. Несие берілген кезде жауыздар базарға келіп, оны таныс сатушы арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Мен қарындасымның қайтыс болғаны туралы куәлікті алған кезде банкке барып, оның есепшотын жабу үшін және алынған несиеге айыппұл қосылмас үшін куәліктің көшірмесін апардым", - деді Бауыржан Жолжан.
Ер адамның айтуынша, сот апелляциялық шағымды қарап, сотталушыларды үкімді өзгерткеннен кейін оларға материалдық және моральдық шығынды өтеуге, сондай-ақ несиені жабу үшін сол екі миллион теңгені төлеуге міндеттеген.
"Олардың отбасы төлейді деп ойлаймын, біз сот шешімі бойынша материалдық және моральдық шығынды ала салысымен мен әпкеме есепшот ашып, сенімді адам ретінде бұл несиені жабамын", - деді марқұмның ағасы.
Еске салсақ, 2024 жылғы мамырда 5 ер адам 29 жастағы спортшы қызды ұрлап, соққыға жығып, зорлап, суицид жасауға дейін жеткізген.
Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті кетірудің ең оңай жолы
Ұқсас жаңалықтар
AZAL ұшағынан табылған бөгде заттардың суреттері жарияланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 ақпан, 2025