Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті кетірудің ең оңай жолы

Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті кетірудің ең оңай жолы
Ғаламтордан алынған
Күнделікті өмірде сізге көмектесетін көптеген идеялар бар. Олардың барлығы қарапайым адамдардың тәжірибесінен алынған. Төменде сізге үй шаруасын жеңіл жасауға көмектесетін әдістер:

- Тіс пастасы ас үй мен жуынатын бөлмедегі алюминий заттарды жақсы тазартады. Сонымен қатар, пастаның көмегімен қолыңызға не болмаса заттарыңызға сіңіп қалған жағымсыз тамақ иістерін кетіруге болады.  Мысалы, балық, сарымсақ немесе пияз.

-Егер сіздің балыңыз қант сияқты қатып қалса, сізге сұйық түрінде қажет болса, оны микротолқынды пешке жарты минутқа қою жеткілікті.

- Үй жәндіктерінен құтылу үшін олардың орналасқан жерлеріне даршын себіңіз.

- Лимон мен апельсин қабығын аз мөлшерде суға қайнатсаңыз, ас үйді жағымсыз иістерден тазартуға болады.

-Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті жою үшін көкөністерді газетке орап қойыңыз және қара нан бөліктерін қалдырыңыз. Пайдаланылған бірнеше шай пакеттері де иістермен күресуге көмектеседі.

-Қарапайым әдіс үтікті дақтардан тазартуға көмектеседі. Қағазға тұз сеуіп үтікке үйкелеңіз. Бұл әдісті қолдану барысында үтіктен бу шығарсаңыз жеңіл болады. Нәтижесінде үтіктегі дақтар тұзға жабысып қалады.  

- Ваннаны ақ түске дейін жуу оңай, оның бетін перекисьпен сүртіп, 30 минуттан кейін оны жылы сумен жуу керек.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар