Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар Наурыз айында қанша күн демалатыны айтылды

Қазақстандықтар Наурыз айында қанша күн демалатыны айтылды
© Elena Blokhina | shutterstock
Наурыз айында екі мемлекеттік мереке тойланады.

Қазақстандықтардың наурызда қанша күн демалатыны белгілі болды. Көктемнің алғашқы айында елімізде екі мемлекеттік мереке тойланады. Бірі – 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні, екіншісі – Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз.

Биыл 8 наурыз сенбіге түсіп тұр. Сондықтан бес күндік кесте бойынша жұмыс істейтіндер 8, 9,10-ы күндері үш күн қатарынан демалады. Ал Наурыз мерекесінде бес күн демалыс берілмек —21-25. Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы да наурызға тұспа-тұс келіп тұр. Ораза айдың бірінде басталып, 29-ы аяқталады. Ал 26-нан 27-не қараған түні – Қадір түні.


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар