“Мен емес, әкесі айтуға тиіс еді”: Дана Нұржігіт ұлының тәрбиесіне алаңдаулы
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 ақпан, 2025
- 1.8k

Белгілі журналист Дана Нұржігіт ұл баланың тәрбиесіне қатысты айтты. Ол ұлды әкесіз өсіру қиын екенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“13 отау иесі дегендей, кейбір әңгімені мен емес, әкесі айтуға тиіс еді, әттең… Қолдан келгенше, сауатты жеткізетін адам сөйлессінші деп қазақы тәрбие көрген маман іздедім. Уролог-андролог 14 жасар балаға ағзада осы кезде болатын жыныстық, психологиялық өзгерістер жайлы айтып берді. Маған қойған Әлімнің кейбір сұрақтарына жауап бере алмай қысылатын едім. Аналық міндетімді жеңілдетіп, дәрігер-маман сауатты жеткізді. Біраздан соң барсам, екеуі кең отырып, сырласқанын аңғардам. Күліп, әзілдесіп, қауқылдасып отыр. “Жыныстық қарым-қатынас, жеке гигиена, спорт, тамақтану, гормон өзгерісінің бәрін қамтыдық” деді дәрігер. Әлім ер азаматқа осы кезден уролог-андролог дос болу керек екенін түсінгендей”, – деп жазды медиа маманы.