Күйеуі Қаңтарда оқ тиіп қайтыс болған 4 баланың анасы жол апатынан мерт болды
- автор kyn.kz
- 5 ақпан, 2025
- 3.6k

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың артында әйелі мен 4 баласы қалған еді. Әйелі такси қызметімен айналысып жүріп, жол апатынан қаза тапқан. Бұл туралы Азаттық радиосы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Сая Есенгелдінің сөзінше, күйеуіне оқ президент резиденциясы маңында тиген. Алайда оның қақтығыс алаңына қалай барғанын білмейді.
«Еркебұланға оқ президент резиденциясының алдында тигенін айтты. Бірақ нақты білмеймін. Үйден шыққан кезде митингке бара жатқанын айтпады. Анамызды жұмыстан алып кетуге кеткен. Бірақ не анамызға бармады, не үйге келмеді. 5 қаңтар кешке дейін күттік, содан кейін іздеуге кірістік. Бірақ таба алмадық. 7 қаңтарда ауруханадан табылды. Өзімен бірге қалтасында құжаты болмаған. Көлігі бір жақта, өзі бір жақта...», - дейді ол.
Қаңтар оқиғасынан кейін, күн көру мақсатында Сая такси айдап жүрген. Балаларына анасы қарасқан. Өкінішке қарай, 4 ақпан күні Алматы-Бішкек тас жолында жол апаты болып 3 адам қаза тапқан еді, ішінде Сая да бар.
Күнделікті бет терісіне күтім жасау ережелері
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025