
Сіз теріңізге күннен қорғайтын крем жағуды ұмытып, түнде макияжды жууға жалқау боласыз ба? Сарапшылар теріні жақсы күйде ұстау үшін өте қажет 6 қарапайым ережені ұмытпауға кеңес береді.
-Ұйықтар алдында бетіңізді тазалаңыз. Беттегі кірді, майды және макияжды жууға бірнеше минут бөліңіз. Мұның бәрі тері тесігін бітеп, кеңейтеді және безеулер шығатын болады.
-Бетіңізді арнайы сусабындармен жуыңыз. Сабын теріні құрғатады. Бетіңізді жуу үшін көбік-мусс немесе ферментативті ұнтақ сияқты арнайы құралдарды қолданыңыз.
-Қартаю процесін тездететін ультракүлгін сәулелерден бетіңізді қорғаңыз. Есіңізде болсын, қыста да теріңіз қорғауды қажет етеді. Ол үшін SPF факторы бар арнайы кремдер бар.
-Крем, сыворотка немесе тонер кез – келген әйелдің дәретхана сөресінде болу керек. Тазартудан кейін бетті сергіту маңызды. Жоғары сапалы косметика – бұл сіздің теріңіздің жарқырауының құпиясы.
-Теріңізді ылғалдандырыңыз. Күніне 6-10 стакан су ішу ұсынылады. Шай, кофе немесе шырын емес.
-Бет терісін күтуге арналған жаңа құралдарды консультациядан кейін және тәжірибелі косметологтың нұсқауы бойынша ғана сатып алған дұрыс.
-35 градустық аяз: 6 ақпанға арналған ауа райы
Ұқсас жаңалықтар
Күзде адамдар не себепті күйзеліске жиі түседі: маман кеңес берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қыркүйек, 2025