Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Түстер үйлесімді болуы керек”: сәнді киіну үшін кеңестер

“Түстер үйлесімді болуы керек”: сәнді киіну үшін кеңестер
Ғаламтордан алынған
Сәнді киіну үшін ең алдымен өзіңізді зерттеуіңіз керек. Көңілді, көпшіл немесе тұйық, сирек қонаққа барасыз ба? Сіз серуендегенді ұнатасыз ба, әлде үйде отырғанды ма? Интроверт немесе экстраверт? Бұл сұрақтар сізге киімнің түсі мен стилін анықтауға көмектеседі.

-Өзіңізді ыңғайсыз сезінетін киімдерден бас тартыңыз. Киім сізге ыңғайлы болуы керек. Егер сізге өзгелердің назар аударуы ұнамаса, қызғылт, сары көйлек киюдің қажеті жоқ. Киіміңіз ыңғайсыз болса, ол басқалардың көзіне қатты түседі. Айна алдында тұрғанда юбканыз бен кофтаныз әдемі жарасып тұрғанымен, егер сіз өзіңізді ыңғайсыз сезінсеңіз, бұл заттар сізді әдемі етпейді. Жай ғана шкафыңыз көптеген қажетсіз заттармен толып тұр деген сөз. Өзіңізге ыңғайлы нәрсені ғана сатып алыңыз-бұл стильді киінудің басты ережесі. Артық заттарға ақша жұмсамаңыз!

 

-Өз стиліңізді анықтаңыз. Қазір киімнің әртүрлі стильдерін араластыру және эклектикалық киіну сәнге айналды. Бірақ бұл гардеробта барлық стильдегі заттар болуы керек дегенді білдірмейді. Қалай сәнді және стильді киіну керек?

Өзіңізге ыңғайлы кем дегенде 3 стильді таңдаңыз: жұмыс үшін - іскерлік стиль, әр күн үшін кем дегенде бір стиль және ерекше жағдайлар үшін мерекелік киімдер.

 

-Әр гардеробта блузка, пальто, аяқ киім болуы керек екені түсінікті. Алайда, бұл жерде ең бастысы-сіздің даралығыңыз. Мысалы, юбка немесе шалбар кимейтін көптеген әйелдер бар. Өзіңіз қалаған киімді таңданыз. Гардеробта болуы керек ең маңызды киімдер:

* 3 футболка;

* 2 көйлек немесе блузка;

* жылы жемпір;

* куртка;

* юбка немесе шалбар;

* ыңғайлы аяқ киім.

Үй шаруасындағы әйелге ыңғайлы футболкалар, ал кеңседе жұмыс істейтіндерге блузкалар мен жейделер қажет болатыны түсінікті. Суық климатта өмір сүретіндер  пальтосыз немесе курткасыз жүре алмайды, ал ыстық климат үшін жеңіл киім керек.

 

-Гардеробыңыздағы киімдерді суретке түсіру пайдалы. Сол арқылы қандай заттардың жетіспейтінін және не артық екенін жақсы түсінесіз. Сонымен қатар, смартфонда фотосуреті болған кезде дүкендерде киім таңдау оңайырақ болады.

 

-Түсті дұрыс таңдаңыз. Себебі, киімдегі түстер үйлесу болуы шарт. Түс - бұл көзге көрінетін бірінші нәрсе. Содан кейін ғана біз стильге назар аударамыз. Қазір классикалық түстер сәнде: бежевый, хаки, сұр, көк. Сондай ақ, әр мезгілге сәйкес түс таңдау маңызды. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар