Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Азаптау белгісі бар": Өскеменде танымал мүсінші отбасы мүшелерімен бірге өлі табылды

"Азаптау белгісі бар": Өскеменде танымал мүсінші отбасы мүшелерімен бірге өлі табылды
masheka.by
Қайғылы жағдай суретшінің өз үйінде болған.

Оқиға жайлы ақпарат тараған сәтте желі қолданушылары марқұмдардың денесінде "азаптау белгілері бар" деген ақпарат таратты. Бірақ бұл жағдай туралы жергілікті полиция ешқандай да мәлімет бермеді. Тек қайғылы қаза себептері анықталу үстінде екенін хабарлады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті қамауға алынды», – деп мәлімдеді құқық қорғаушылар.

Марқұмның немересі өрт болған түн туралы өз білгенін бөлісті.

«Сағат үштер шамасында әпкем анама қоңырау шалып, атамның үйі өртеніп жатқанын айтты. Біз бірден сол жаққа аттандық. Барғанымызда үй толықтай жанып кеткен, ішке ешкімді кіргізбеді. Тек әпкемді ғана марқұмдарды тану рәсіміне қатысу үшін өткізді», – дейді ол.

Немересінің айтуынша, қаза тапқандар жертөледе болған, онда жуынатын бөлме, ас үй және мүсіншінің шеберханасы орналасқан.

Валерий Дранишников – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Оның мүсіндері облыстың көптеген елді мекендерінде орналасқан. Өскеменде оның ең танымал жұмыстарының бірі – Б. Александров атындағы Спорт сарайының алдында тұрған хоккейші мүсіні.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар