Саясат
Швейцария өзбек халқына Гүлнәр Кәрімованың 182 млн доллар активін қайтарады
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 ақпан, 2025
- 166

Бұл қаражат алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады
Өзбекстан Гүлнәр Кәрімованың 182 миллион доллар активі қайтарылатын болды. Бұл туралы жаңа келісімге Швейцариямен қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
gazeta.uz мәліметіне сүйенсек, 182 миллион доллар Швейцария тарапынан БҰҰ-ның Uzbekistan Vision 2030 көпсеріктестік трасттық қоры арқылы өзбек халқына қайтарылады. Бұл қаражат алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады.
«Қаражат Өзбекстанның жекелеген азаматтары тарапынан заңсыз жолмен алынған және 2012 жылы Швейцарияның Бас прокуратурасы Гүлнәр Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс аясында толығымен тәркіленген», деп мәлімдеді әділет министрлігі.
Келесі мақала
«Үш келіден шектеу қойылды»: Атырауда картоп тапшы
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Қосымша құн салығын өсіруге қатысты түзетулер Парламентке жіберілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 ақпан, 2025