Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Күліп жүретін жүзіңізді сағынамыз»: Жарқынай Ханайым продюсер Әділжан Юсупов туралы жазба жариялады

«Күліп жүретін жүзіңізді сағынамыз»: Жарқынай Ханайым продюсер Әділжан Юсупов туралы жазба жариялады
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Маған желтоқсан айының соңында үй жаққа келіп, дайын ән сыйлап, осыны шығаршы деп айтып, концертке қосамын, уайымдама, бәрі жақсы болады деп қолдап кетіп едіңіз

Белгілі әнші Жарқынай Ханайым марқұм болған продюсер Әділжан Юсупов туралы жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қайын ағасының қандай адам болғанын айтты.

"Кеше ғана қасымызда отырған Әділжан ағамен бүгін қоштастық. Әрқашан қолдап, мотивация айтып, күліп жүретін жүзіңізді сағынамыз", - деп жазды актриса.

Әруақытта қолдау білдіріп, жақсы дос та бола білгенін жазды.

"Маған желтоқсан айының соңында үй жаққа келіп, дайын ән сыйлап, осыны шығаршы деп айтып, концертке қосамын, уайымдама, бәрі жақсы болады деп қолдап кетіп едіңіз. Маған ештеңе істеуге міндетті болмасаңыз да, әрқашан концерттерге қосып, қолдауға тырысып жүретін едіңіз. Продакшнға енді келгенімнен бастап жылы жүзбен қарсы алып, қолдау болдыңыз. Маған қиын кезде менің жеке психологым болдыңыз. Әділжан аға сондай күшті дос еді. Бүкіл махаббат желіміздің куәсі едіңіз", - деп жазды Жарқынай Ханайым.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар