Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қолынан тартып отырғызған»: Маңғыстауда балабақша тәрбиешісі бір жасар қыздың қолын шығарып жіберген

«Қолынан тартып отырғызған»: Маңғыстауда балабақша тәрбиешісі бір жасар қыздың қолын шығарып жіберген
Сурет: видеодан скриншот
Қолы шығып кеткен бүлдіршінге ол алғашқы медициналық көмек те көрсетпеген

Маңғыстау облысында балабақша тәрбиешісі бір жасар қыздың қолын шығарып жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 17 қаңтарда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жекеменшік балабақшада болған. Бұл туралы видео желіге тарап кеткен. Бейнежазбадан тәрбиешінің қызды қолынан тартып көтеріп, орындыққа отырғызғанын байқауға болады.

Қолы шығып кеткен бүлдіршінге ол алғашқы медициналық көмек те көрсетпеген. Сондай-ақ қызметкер гигиена талаптарын сақтамаған. Екі ыдысқа құйылған сорпаны бір қасықпен 8 балаға берген. Осыдан кейін тәрбиешінің көмекшісі де жұмыстан босатылған.

Қыздың анасы камералардан бейнежазбаларды қарағанда, тәрбиешінің баланы ұрып-соғамын деп қорқытып жатқанын көруге болады.

“Балабақша директоры  басқа органдарға арызданып бармау үшін ақшалай өтемақы ұсынды. Мен бас тарттым және өтініш жазу үшін учаскелік полиция қызметкерін шақырдым. Бірақ директор тарапынан маған айыптаулар айтыла басталды. Ол егер мен бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерде видео жарияласам, бақша директоры мені сотқа бере алады деп қорқытты", – деді қыздың анасы Венера Жансерікова.

Оқиғадан кейін өңірдің білім бөлімі инцидентті тексеру нәтижелері бойынша тәрбиеші мен күтуші жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

"Комиссия балабақшада тексеру жұмыстарын жүргізді. Тәрбиеші мен күтуші жұмыстан шығарылды. Тәрбиеші Әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша "кәмелетке толмағанның құқықтары мен мүдделерін қорғау, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК -39 320 теңгеге айыппұл салынды", –  деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық білім бөлімі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар