Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрәлі Әлиев қызметтен кетіп, компаниясын сатып жіберді

Нұрәлі Әлиев қызметтен кетіп, компаниясын сатып жіберді
moi-goda.ru
Әлиев "Транстелеком" директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.

Әлиев "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, компанияның сатылуына байланысты ол акционерлер құрамынан шығып, директорлар кеңесі төрағасының өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, "Транстелеком" – Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникация және IT қызметтерін ұсынатын компания. Forbes мәліметінше, компания акцияларының 75 пайызы Unit Telecom арқылы Нұралы Әлиев пен Дмитрий Покупателевке тиесілі болған. Қалған 25 пайызы "Қазақстан темір жолына" қарасты. 

2015 жылға дейін компания мемлекетке тиесілі болғанын да айта кетейік. 2015 жылы "Транстелеком" 9 миллиард теңгеге жекешелендірілген еді.

Ал 2022 жылдың сәуірінде Үкімет "Транстелекомды" сату мәмілесін қарастыра отырып, мемлекетке келтірген ықтимал зиянын зерттеуді ұсынған болатын.

Еске салсақ, Нұралы Әлиев – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаеваның ұлы.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар