Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Адвокат: “Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітке зорлық-зомбылық жасалған”

Адвокат: “Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітке зорлық-зомбылық жасалған”
Сурет: konkurent.ru
Іс полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды

Ақтауда ұрланған 18 жастағы мүгедектігі бар жігітке зорлық-зомбылық жасалған. Бұл туралы адвокат Ажар Әбділ өз жазбасында  мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақпаратты Маңғыстау облысының Полиция департаменті растады. Мүгедектігі бар жігіт 2024 жылғы 27 желтоқсанда ұрланып, зорланған. Жәбірленушінің анасы бірден полицияға арыз жазған.

"Әлі күнге дейін қажетті сараптамалар тағайындалмаған. Қала орталығынан ақ түсті джиптің қорғансыз адамды алып кеткені анық көрінетін бейнебақылау жазбалары алынбаған, бұл көліктің қозғалыс бағытын қадағалау қиындық туғызбайды. Жазбалар екі ай сақталады, бұл – факт. Оқиға хронологиясын қалпына келтіру қиын көрінбейді. Өйткені жәбірленушіні тура қала орталығынан көлікпен алып кеткен... Бірақ сонша камера бола тұра, күдікті әлі анықталмағаны таңғалдырады. Сараптамалардың тағайындалуы туралы тіпті айтпай-ақ қояйын", – деп жазды адвокат.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар