Мәдениет
«Суреттерін жіберіп жатқандар бар»: Анна Данченко Кәмшат Жолдыбаева туралы ешкім білмейтін мәліметті айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 ақпан, 2025
- 973
Дұрыс қой енді, отбасы болған соң Алланың қалауымен балалы болды, өз өмірлері
Белгілі тележүргізуші Анна Данченко әнші Кәмшат Жолдыбаева туралы жұрт білмейтін шындықты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында бөлісті. Ол өнер иесінің ана атануымен құттықтап, көпшіліктен сүйінші сұраған еді.
«Кеше осы сүйінші жаңалықпен бөліскен едім. Барлық сайттар, оқырмандар шулап кетті ғой. Ақпарат ресми түрде шыққан соң құттықтадым. Жекеге неше түрлі хаттар келді.
Кәмшат 2-3 ай бұрын босанды. Ата-енесімен тұрады. Тіпті кішкентай қызының суреттерін жіберіп жатқандар бар. Дұрыс қой енді, отбасы болған соң Алланың қалауымен балалы болды, өз өмірлері.
Өздері қаласа, кейінірек бөпелерін де көрсетер. Олар тыныш өмірді қалады. Бақытты болсын!» - деп жазды Анна Данченко.
Келесі мақала
Қазақстанда доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
«Кішкентай қыз»: Жігер Ауыпбаевтың таңдауы өзінен 15 жас кіші қызға түсті
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 желтоқсан, 2025




