Қоғам
Астанада 5 жасар баланың бетін тілгілеген жасөспірімнің қайда екені айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 ақпан, 2025
- 1.0k
Баланың анасы жауапкершілікке тартылды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Астанада 5 жасар баланың бетін тілген психикалық денсаулығы нашар жасөспірімнің қайда екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, жасөспірімнің тергеу изоляторында емес, Астанадағы психологиялық орталықтардың бірінде.
“Кеше аймақтық комиссармен бірге жәбірленуші балаға барып, жағдайын білдік. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, Астана бойынша өңірлік уәкіл А.Т.Бимендина баланың анасымен үнемі байланысты. Ал шабуыл жасаған бала денсаулық сақтау жүйесінің мекемесіне орналастырылды. Баланың анасы жауапкершілікке тартылды”, - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда Digital Наурыз: дәстүр мен технология тоғысқан мереке (Фото)
- авторkyn.kz
- Бүгін, 17:33




