Мемлекеттік тілді меңгергісі келетін адамдардың қатары көбейіп жатыр - Тоқаев
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 18:01
- 1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліне қатысты айтып, мемлекеттік тілде сөйлеп жүрген өзге ұл өкілдерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Осы орайда, мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлттардың өкілдерін айрықша атап өткім келеді.
Олардың арасында қазақ тілін үйретумен айналысатын білікті мамандар бар. Әлеуметтік желі арқылы тілімізді дәріптеп жүрген азаматтар да аз емес. Мұндай адамдар тіліміздің дамуына үн қосып, оның жарқын келешегін нақты іспен жасап жатыр.
Олардың еңбегін біз сыйластықпен, ризашылықпен қабылдауымыз керек. Жалпы, соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгергісі келетін адамдардың қатары көбейіп жатыр.
Оларға барынша жағдай жасау – біздің азаматтық парызымыз. Қазақ тілін тез әрі оңай үйренуге мүмкіндік беретін озық әдістемелер, соның ішінде цифрлық оқу құралдарын әзірлеу қажет. Жалпы бұл мәселе қоғамда жиі айтылып жүр. Осы жұмысқа тіл мамандарын, ақпараттық технология саласының өкілдерін жұмылдырған жөн.
Қазақ тілін білетін адам қазақ халқын, жалпы Қазақстанды танып-біледі. Тілді меңгерген әрбір азамат еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінеді", - деді президент.



