«Қызыңды күйеуге бермей тұрып өзің қыздығын алу керек»: Алматыда туған әкесі 12 жасар қызын бір жыл бойы зорлаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 ақпан, 2025
- 4.1k

Алматыда әкесі өз туған қызын бір жылдан бері зорлап келген. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбайға 12 жасар қыздың анасы сұхбат берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қыздың аансының айтуынша, күйеуі өз туған қызын бір жыл бойы аптасына бір рет зорлап келген.
«Бір жылдан аса уақыт зорлап келген. Аптасына шамамен бір реттен болған. Ол кезде үйде болған ал мен жұмыста болғанмын. Өзім де естігенде шокта болдым. Сенер-сенесімді білмедім. Бір жерде жұмыс істеген. Сол кезде орыс кісі болыпты. Сол айтады екен, қызыңды бірінші күйеуге бермей тұрып өзің қыздығын алу керек деп айтыпты», - дейді келіншек.
Одан кейін журналист ер адамның ата-анасы және туған әпкесімен сұхбаттасқан.
«Біздің кішкентай немереміз сырттан көшеден бүлінген. Содан немерем мен шешесі дәл осылай ұлыма жала жауып отыр деп жатыр. Білмеймін, ішпейді, шекпейді. Тұрақты жұмысы бар. Ақыл-есі сау адам, дәл осындай азғындыққа бара ма? Ал егер дәл осындай азғындыққа барса, ол адам сау ма?», - дейді журналист.