Астанада «Сергек» камералары алынып, оның орнын басқа бақылау жүйесі басады
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 ақпан, 2025
- 446
![Астанада «Сергек» камералары алынып, оның орнын басқа бақылау жүйесі басады](https://kyn.kz/uploads/resized-images/2025/02/1739534300.webp)
Астаната "Сергек" жобасы 13 наурызда аяқталады. Ол 2017 жылдан бері елордада іске асырылып келе жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Астананың цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов мәлімдеді.
Мәслихат отырысында сөз сөйлеген Сүлейманов жаңа жобаны қалыптастыру барысында қазіргі жүйенің кемшіліктері ескерілгенін айтты.
"2017 жылы "Сергек" жобасы іске қосылған болатын. Биылғы 13 наурызында "Көркем Телеком" ЖШС-мен жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталады. Біз халықаралық Presight компаниясымен бірлесіп, Астанада жасанды интеллект негізінде қалалық инфрақұрылымды басқару шешімін енгізу бойынша жұмыстар жүргіздік", – деді ол.
Бұл жоба 2030 жылға дейін есептелген. Жасанды интеллект арқылы процестер оңтайландырылып, жаппай жиналатын орындарда 100 пайыздық бейнебақылау қамтамасыз етіледі.
"Жобаға жеке серіктес тарапынан 53 миллиард теңге инвестиция салынады – жоба толығымен инвестордың жеке қаражатымен қаржыландырылады. Сонымен бірге, қазақстандық компаниялардың үлесі 60 пайыз болады", – деп толықтырды Сүлейманов.